Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерi үшiн
оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындаудың және басып
шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қыркүйек № 1173
Жалпы білім беретiн мектептер үшiн жаңа оқу әдебиетiн дайындау және басып шығару проблемаларының маңыздылығы мен жеделдiгiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу әдiстемелiк кешендерiн дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.30. № 323 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі:
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу әдiстемелiк кешендерiн дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспарын әзiрлесiн;
конкурстық негiзде жалпы білім беретiн мектептер үшiн басылып шығарылатын оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк әдебиеттерге iрiктеу жүргiзсiн.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. № 823
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
алғашқы баспалдақтың бiрiншi сыныбы үшiн жаңа оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi жасау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігінде 1996 жылға көзделген қаражаттар шегiнде жүргiзсiн;
1997 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттi бөлген кезде жыл сайын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігіне Мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ мектептiң негiзгi баспалдағының пәндерi бойынша: "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиетi", "Қазақстан тарихы", "Қазақстан жағрафиясы", "Адам және қоғам", "Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқының негiздерi" атты жаңа оқулықтар дайындауға арнап мақсатты жұмсауға қаражат бөлудi көздесiн.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау мен басып шығару шығыстарын қаржыландыру жыл сайын республика бюджетiнде осы мақсатқа көзделетiн қаржының есебiнен жүзеге асырылсын.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi және абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1999.03.30. № 323 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. № 823
қаулысымен.
4. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері белгіленген тәртіппен мемлекеттік орта білім беретін мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтарды сатып алу мен жеткізуді қамтамасыз етсін.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.30. № 323 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. № 823
қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 26 қыркүйектегi
№ 1173 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн
мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
кешендерiн дайындау мен басып шығарудың
Мақсатты бағдарламасы
Қазiргi кездегi мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыру білім мазмұны мен оқытудың барлық әдiстемелiк жүйесiн жалпы орта білімнiң жалпыға бiрдей мiндеттi стандартына сәйкес қайта қарауды талап етедi. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң жаңа буындарын жасамайынша және оларды мектепке енгiзбейiнше қоғамның білім беру жүйесiне қоятын әлеуметтiк тапсырысын жүзеге асыру мүмкiн емес.
Жалпы білім беретiн мектептiң құрылымы бастауыш, негiзгi және жоғары сатылы болатын жаңа моделi жыл сайын бiр-бiр сыныптан бiртiндеп енгiзiледi. Бұл, бiр жағынан, оны енгізу механизмiнiң маңызды буыны жалпы білім беретiн мектептiң барлық сатылары және пәндерi бойынша жалпыға бiрдей мiндеттi стандартқа сәйкес жаңа оқулықтар мен олардың оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасау, дайындау мен басып шығаруды жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Екiншi жағынан, республика мектептерiн жаңа модельге кезең-кезеңмен көшiру, оқу әдебиеттерiн дайындау мен басып шығаруды қаржылық қамтамасыз ету проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау мен басып шығарудың ғылыми негiзделген Мақсатты бағдарламасы (бұдан әрi - Мақсатты бағдарлама) басқару органдарының, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және авторлық ұжымдардың, баспалардың оларды әзiрлеу, басып шығару және Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн және басқа типтi мектептерiне енгізу жөніндегі қызметiнiң стратегиясын айқындау мен оны үйлестiрудегi негiзгi құжат болып табылады.
Бұл Мақсатты бағдарламаның негiзгi мақсаты пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеу, оқушылардың білімдерi мен iскерлiктерiнiң базалық деңгейiн қамтамасыз ететiн, пәндер бойынша оның құрамдас бөлiгi болып табылатын білім тұжырымдамаларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар, оқу және әдiстемелiк құралдарды, тексеру тапсырмаларының жүйесiн жасау болып табылады. Мақсатты бағдарламаның тағы бiр маңызды құраласы әдебиеттердi сапалы басып шығару, оларды мектептерге уақтылы жеткізу және оқу процесiне енгізу болып табылады.
Бұл мақсатқа жету мынадай негiзгi мiндеттi орындау арқылы қамтамасыз етiледi.
Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасау
және оларды білім беру жүйесiне енгізу
Негiзгi мiндеттер:
оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң тұжырымдық негiздерiн айқындау және сипаттау, олардың негiзгi мектептерге арналған құрамы мен құрылымын ашу, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн әзiрлеу;
негiзгi мектептер, пәндердi тереңдетiп оқытатын мектептер, бағдарлы мектептер үшiн оқу және вариативтi бағдарламаларды негiздеу және сипаттау;
мектептер, пәндердi бағдарлы тереңдетiп оқытатын лицейлер, гимназиялар үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасау;
конкурстық негiзде дайындалған оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн эксперименттiк сынақтан өткізу және оларға түзетулер енгізу;
оқу процесiне жаңа оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi
енгізу.
__________________________________________________________________
N | Жұмыс мазмұны | Мерзiмi
р/с| |_________________________
| |басталуы | аяқталуы
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
1. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
кешендердi жасау, сараптау және оларды
білім беру жүйесiне енгізу жұмысын
реттейтiн құжаттарды әзiрлеу 1996ж. 1997 ж. 2. Жалпы орта білімнiң жалпы мiндеттi
стандартының негiзiн құрайтын
тұжырымдық, нормативтiк және
әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу 1999 ж. 1999 ж. 3. Мектеп сатылары бойынша оқу
бағдарламаларын әзiрлеу:
бастауыш 1999 ж.
негiзгi 1999 ж. 1999 ж.
жоғары 1999 ж. 1999 ж. 4. Мектеп сатылары бойынша жалпы білім
беретiн мектептер үшiн оқулықтары мен
оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң
макетiн әзiрлеу:
бастауыш 1996 ж. 1999 ж.
негiзгi 1999 ж. 2000 ж.
жоғары 2000 ж. 2001 ж. 5. Мектеп сатылары бойынша жалпы білім
стандартына сәйкес тексеру
тапсырмаларының жүйесiн дайындау:
бастауыш 1996 ж. 1999 ж.
негiзгi 1999 ж. 2000 ж.
жоғары 1999 ж. 2001 ж. 6. Мектеп сатылары бойынша оқу
бағдарламаларын,
оқулықтары мен оқу-әдiстемелiк
кешендерiн орыс және ұйғыр,
өзбек тiлдерiне аудару:
бастау 1996 ж. 1999 ж.
негiзгi 1999 ж. 2000 ж.
жоғары 2000 ж. 2001 ж. 7 - 11 Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi басып шығару және тарату
Негiзгi мiндеттер:
оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендердi баспаға дайындаудың ережесін айқындау, баспаларды таңдап алу және олармен келісімдер жасасу;
тұрақты оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң қолжазбаларын кезеңдiк және қорытынды сараптаудан өткізу;
баспа, баспахана мекемелерiнде қолжазбалардың бекітілген ретпен өтуiн дер кезiнде қадағалау;
оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi басып шығару;
мектептердi баспадан шығарылған оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етудi ұйымдастыру.
__________________________________________________________________
N | Жұмыс мазмұны | Мерзiмi
р/с| |_________________________
| |басталуы | аяқталуы
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi басып
шығару жөніндегі жұмыс
1. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
кешендердiң макеттерiн басып шығаруға
дайындауды реттейтiн және баспалар мен
баспаханалардан өту тәртібін
қадағалайтын құжаттар әзiрлеу 1996 ж. 2000 ж. 2. 3. Оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
кешендердi басып шығару жоспарын
дайындау және оларды мектеп сатылары
бойынша көбейту:
бастауыш 1998 ж. 1999 ж.
5-сынып 2001-2002 оқу жылы
6-7-сыныптар 2002-2003 оқу жылы
8-9-сыныптар 2003-2004 оқу жылы
10-11-сыныптар 2004-2005 оқу жылы 4. 5. Мектеп сатылары бойынша тұрақты
оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк
кешендердi аймақтық орталықтарға
жеткізу:
бастауыш 1998 ж. 1999 ж.
5-сынып 2001-2002 оқу жылы
6-7-сыныптар 2002-2003 оқу жылы
8-9-сыныптар 2003-2004 оқу жылы
10-11-сыныптар 2004-2005 оқу жылы 5-1.Бiлiм беру жүйесiне оқулықтар
мен оқу-әдiстемелiк кешендердi
мынадай сатылар бойынша енгізу:
бастапқы 1998 ж. 1999 ж.
5-сынып 2001-2002 оқу жылы
6-7-сыныптар 2002-2003 оқу жылы
8-9-сыныптар 2003-2004 оқу жылы
10-11-сыныптар 2004-2005 оқу жылы 6. 7. Мектеп сатылары бойынша жалпы білім
беретiн мектептер мен басқа оқу
орындарын оқулықтармен
және оқу-әдiстемелiк кешендермен
қамтамасыз ету:
бастауыш 1998 ж. 1999 ж.
негiзгi 2000 ж. 2001 ж.
жоғары 2001 ж. 2002 ж.
ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.03.30. № 323
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Бағдарлама өзгердi - ҚР Үкіметінің 2001.06.15. № 823
қаулысымен.