Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 7 сәуір № 42-ө
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 7 сәуір № 42-ө
1. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Д.Р.Әбілғазин және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрі З.Х.Кәкімжанов Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері туралы" 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысының орындалмай отырғанына назар аударсын.
1999 жылдың 12 сәуіріне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне аталған қаулының орындалуы туралы ақпаратты ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын белгіленген тәртіппен Қаражаты бірінші топтағы банктерде орналастыруға тиісті акционерлік (ұлттық компаниялардың) тізбесіне енгізсін.