Н.Ә. Айтхожина мен А.Қ.Қошановты Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы)
іссапарға жіберу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1999 жылғы 1 маусым № 676
Ғылым академияларының Халықаралық Ассоциациясының (ҒАХА) Кеңесі мәжілісіне және Ресей ғылым академиясының 275 жылдығына арналған мерейтой салтанатына қатысу, іргелі зерттеулер саласындағы ынтымақтастық мәселелерін шешу және Ресей ғылым академиясында ресей-қазақстан бірлескен бағдарламалары мен жобаларын келісу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті мен Нағима Әбенқызы Айтхожина мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Аманжол Қошанұлы Қошановты 1999 жылғы мамырдың 31-нен маусымның 6-на дейін Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Н.Ә.Айтхожина мен А.Қ.Қошановқа Алматы-Мәскеу-Алматы бағыты бойынша көлік шығыстарына валюта қаражатын бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі