Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысын іске асырудың жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 шілде № 994

Информация о документе
Датасуббота, 17 июля 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 17 июля 1999
Дата последнего изменениясуббота, 17 июля 1999

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405
қаулысын іске асырудың жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 17 шілде № 994

Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдыққа бөлу процесін жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:

1) жергілікті атқарушы органдардың құрылымында коммуналдық меншікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға жауапты бөлімшелерді айқындау;

2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысымен (бұдан әрі - қаулы) айқындалған республикалық меншіктің объектілерін коммуналдық меншікке қабылдауды жандандыру жөнінде қажетті шаралар қолдану ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1999 жылдың 5 тамызына дейінгі мерзімде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық меншік объектілерін коммуналдық меншікке беруді аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами