Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi
мен атом энергетикасын одан әрi дамыту жөніндегі қосымша
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы
1997 жылғы 10 ақпандағы № 189
Ядролық-энергетикалық кешенде реформаларды тереңдету және "Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiк арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы келісімдi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2344 Жарлығымен бекітілген ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа байланысты кепiлдiктердi қолдану туралы Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі агенттiктiң арасындағы 1994 жылғы 26 шiлдедегi Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Реформаларды тереңдету және "Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 1430 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
бiрiншi тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамына "Үлбi металлургия зауыты" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн және "КАТЭП ҰАҚ" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену, пайдалану және басқару жөніндегі құқық берiлсiн";
бiрiншi тармақтың соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "тиiмдi өндiрiс қызметiн қамтамасыз ету мақсатында "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамына "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамының банктiк қызмет көрсету және қаржылай қолдау туралы ұсынысына келісім беру ұсынылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 1430 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы № 1604 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөніндегі агенттiк:
"Үлбi металлургия зауыты", "Волковгеология" (келісім бойынша) акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ № 6 кен басқармасы, Степное кен басқармасы, Центральное кен басқармасы мемлекеттік кәсiпорындарының қаржылық жай-күйi мен төлем қабiлетiне бағалау жүргiзсiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен бiрлесiп, сондай-ақ "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамы және Қазақстанның Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi келісімi бойынша № 6 кен басқармасы, Степное кен басқармасы, Центральное кен басқармасы мемлекеттік кәсiпорындарының несиелiк берешегiн өтеу кестесiн жасасын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 3-шi абзацындағы сөздер ауыстырылды -
ҚРҮ-нiң 1997.02.21. № 248 қаулысымен.
3. Ядролы материалдар мен қос мақсаттағы өнiмдi өндiру және сатуды мемлекеттік реттеудiң және Қазақстан Республикасының жасасқан халықаралық шарттары бойынша оның қабылдаған мiндеттемелерiн, сондай-ақ қазақстан тарабының "Инкай" бiрлескен кәсiпорны және "Катко" бiрлескен кәсiпорны бойынша шетелдiк қатысушылардың алдында мiндеттемелерiн сақтаудың бiрыңғай саясатын қамтамасыз ету мақсатында:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі "Казтомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық материалдар мен қос мақсаттағы өнiмнiң экспорты және импортының көлемi жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауы министрлігі "Инкай" бiрлескен кәсiпорнына Инкай - Мыңқұдық кен даласы бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензияны қайта ресiмдесiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі "Инкай" бiрлескен кәсiпорнымен Инкай-Мыңқұдық алаңына жер қойнауын пайдалану бойынша контракт жасасын;
"Қазатомөнеркәсiбi" қоғамына Мойынқұм кен орнын игеруге "Катко" бiрлескен кәсiпорнының құрылтай құжаттарында көрсетiлген жағдайларда, осы кәсiпорын бойынша шетел әрiптестерiн тарту ұсынылсын.
4. "Қазатомөнеркәсiбi" акционерлік қоғамына:
ТМД және басқа да мемлекеттердiң аумағында ядролық-отын және атом-энергетикасы кешендерi кәсiпорындарының арасында байланыстарды дамыту;
ядролық энергетика және өнеркәсiп қызметiне байланысты халықаралық ұйымдарға қатысу;
ядролық материалдар мен қос мақсаттағы өнiм бойынша демпингке қарсы тексерулерге байланысты мемлекетаралық және үкiметаралық келісімдердi әзiрлеу;
ядролық материалдар мен қос мақсаттағы өнiмдi тасымалдау мен сақтаудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының уран кен орындары бойынша геологиялық ақпараттың сақталымын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мәселелердi жүзеге асыруға қатысу ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi заңдарға сәйкес:
"Үлбi металлургия зауыты", "Волковгеология" акционерлік қоғамдардың аталған акционерлік қоғамдардың балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беру туралы ұсынысымен келiссiн;
Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 наурызына дейiнгi мерзiмде "Үлбi металлургия зауыты", "Волковгеология" акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ № 6 кен басқармасы, Степное кен басқармасы, Центральное кен басқармасы мемлекеттік кәсiпорындарының балансындағы әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдардың балансына берудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң нормативтiк актілерін осы қаулымен және "Реформаларды тереңдету және Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасын одан әрi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қарашадағы № 1430 қаулысымен сәйкестiкке келтiрiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi