Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы халықаралық әуежайы» ашық акционерлік қоғамының аэровокзалының өртенуін тексеру жөнінде Үкімет комиссиясын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 шілдедегі № 957 Қаулысы (1999.15.07. берілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 июля 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 апреля 2006

«Алматы халықаралық әуежайы» ашық акционерлік қоғамының аэровокзалының
өртенуін тексеру жөнінде Үкімет комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 шілдедегі № 957 Қаулысы

(1999.15.07. берілген өзгерістерімен)

 

ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 307 Қаулысымен күші жойылды

 

«Алматы халықаралық әуежайы» ашық акционерлік қоғамының аэровокзалында өрттің шығу себебін анықтау және оның зардаптарын жою жөнінде шаралар қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Алматы халықаралық әуежайы» ашық акционерлік қоғамының аэровокзалының өртенуін тексеру жөнінде Үкімет комиссиясы (бұдан әрі - Үкімет комиссиясы) мына құрамда құрылсын:

ҚР Үкіметінің 1999.15.07. № 976 қаулысымен құрам толықтырылды

 

     Құлмаханов Шалбай       - Қазақстан Республикасының
                               Төтенше жағдайлар жөніндегі
                               агенттігінің төрағасы, төраға
 
     Қалқабаев               - Қазақстан Республикасының Көлік,
     Ержан Шойбекұлы           коммуникациялар және туризм
                               вице-министрі, төрағаның орынбасары

 

Комиссия мүшелері:

 

     Әбілғазин               - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Дәнияр Рүстемұлы          вице-министрі - Мемлекеттік мүлік
                               және жекешелендіру комитетінің
                               төрағасы
 
     Есенов                  - Қазақстан Республикасының Көлік,
     Сұлтанбек Шахмарданұлы    коммуникациялар және туризм
                               министрлігі Көліктік бақылау
                               комитетінің төрағасы
 
     Заяц                    - Алматы қаласы әкімінің бірінші
     Яков Игнатьевич           орынбасары
 
     Нұрпейісов              - Қазақстан Республикасының
     Қайрат Айтмұхамбетұлы     Мемлекеттік кіріс вице-министрі
 
     Бижігітов               - Қазақстан Республикасының Ішкі
     Осман-Рүстембек           істер министрлігі Көліктегі ішкі
     Байкенжеұлы               істері шығыс басқармасының бастығы
 
     Нүриманов               - Қазақстан Республикасының ҰҚК
     Мақсұт Әнуарбекұлы        департаментінің бастығы (келісім бойынша)
 
     Нам                     - Қазақстан Республикасы Әділет
     Александр Григорьевич     министрлігінің Сот сараптамасы
                               орталығының бөлім бастығы
 

2. Үкімет комиссиясы 1999 жылдың 20 шілдесіне дейінгі мерзімде Үкіметке "Алматы халықаралық әуежайы" ашық акционерлік қоғамының аэровокзалында өрттің шығу фактісі бойынша қорытындыны қарап, оның зардаптарын жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныс енгізсін.

3. Үкімет комиссиясына өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың белгіленген тәртіппен мамандарын тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты сұрауға рұқсат етілсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами