Орман қорының жекелеген жер учаскелерін басқа жер санаттарына
ауыстыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 18 тамыз № 1195
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Ақсу қаласы аумағындағы Павлодар орман шаруашылығының орман қорындағы ауданы 0,69 га (оның iшiнде 0,55 га орманды) жер учаскесiн өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге ауыстырылсын және ол заңдарда белгiленген тәртiппен "Ақсу - Конечная" теміржол жүйесiнiң құрылысы үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігінiң "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына берiлсiн, оның iшiнде:
1) тұрақты пайдалануға 0,36 га;
2) уақытша пайдалануға 0,33 га ( 1,5 жыл мерзiмге).
2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесiн уақытша пайдалану мерзiмi өткеннен кейiн, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен жер учаскесiн орман қорының құрамына ауыстыру туралы ұсыныс енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі