Введите номер документа
Прайс-лист

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 7 қыркүйек № 1320

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 7 сентября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 7 сентября 1999
Дата последнего изменениявторник, 7 сентября 1999

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі
кеңеске қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуін
өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 7 қыркүйек № 1320

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң 1999 жылдың 14 қыркүйегiнде Алматы қаласында Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм бiлдiру шаралары жөніндегі кеңеске (бұдан әрi - АӨСШК) қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерiнiң кездесуiн өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі:

1) қажеттi құжаттарды дайындасын және АӨСШК-ге қатысушы елдердiң сыртқы iстер министрлерi кездесуiнiң бағдарламасын әзiрлесiн;

2) хаттамалық iс-шараларды өткізудi қамтамасыз етсiн;

3) Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың кездесуге қатысуы үшiн қажеттi материалдарды дайындасын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының негiзделген шығыс сметалары мен растайтын құжаттарды ұсынуы бойынша республикалық бюджетте өкiлдiк шығыстарға көзделген қаражаттың есебiнен АӨСШК-ге қатысушы елдер сыртқы iстер министрлерінің кездесуiн өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) кездесуге қатысушыларды орналастыруды, көлiктiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн, Қазақстан Республикасы Президентiнің атынан қабылдау ұйымдастырсын.

5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әуежайда, тұратын және баратын жерлерінде қатысушы елдер делегацияларының қауіпсіздігін, сондай-ақ жүру бағыттары бойынша ілесіп жүруді қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі белгіленген тәртіппен қатысушы елдер делегацияларының арнайы ұшақтарына қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

7. Алматы қаласының әкімі әуежайды, жүру бағыттарын және кездесулер өткізілетін жерлерді тиісінше безендіруді қамтамасыз етсін.

8. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!