Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шет елдерде оқытуға ақы төлеуге қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 дыоғы 8 қыркүйек № 1333

Информация о документе
Датасреда, 8 сентября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 8 сентября 1999
Дата последнего изменениясреда, 8 сентября 1999

Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының
стипендиаттарын шет елдерде оқытуға ақы төлеуге
қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 дыоғы 8 қыркүйек № 1333

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің стипендияларын тағайындаудың тәртібі туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шет елдерде оқытуға ақы төлеуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебiнен 342 940 (үш жүз қырық екi миллион тоғыз жүз қырық) мың теңге бөлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаттарын шет елдердiң жоғары оқу орындарында оқытуға ақы төлеудi заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнетiн қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом