Введите номер документа
Прайс-лист

Экономикалық зерттеулер мен статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйек № 1439 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 22 сентября 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 февраля 2010

Экономикалық зерттеулер мен статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйек № 1439 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Экономикалық зерттеулер және статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ) Жоспарының шеңберінде 1999 жылдың 4-7 қазанында Алматы қаласында өткізсін.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кеңесті өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды қосымшаға сәйкес республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен кеңеске қатысушылардың келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.

4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің 1999 жылғы
                                           22 қыркүйектегі
                                           № 1439 қаулысына
                                           қосымша
 

Алматы қаласында (1999 жылдың 4-7 қазаны) Экономикалық зерттеулер және статистика жөніндегі ұлттық үйлестірушілердің 2-ші кеңесін өткізуге арналған Шығыстардың сметасы

                                                        (теңге)
 
     N        Шығыстардың атауы           Нормасы        Жалпы сомасы
 
     1.   Қатысушылардың "Қазақстан"
          қонақ үйінде тұруы
          18 адам х 5 күн                 5800/күн       522000
     2.   Ресми түстіктер мен кешкі
          астарды өткізуге арналған
          шығыстар
          25 адам                         6500/адам      162500
     3.   Кофе-брейктер
          25 адам х 4 күн                 1040/адам      78000
     4.   Кәдесыйлар, ескерткіш
          сыйлықтар (Қазақстан туралы
          көркем безендірілген кітаптар)
          18 адам                          2000          36000
     5.   Автокөліктік қызмет көрсету
          2 машина х 8 сағ. 4 күн          700/сағ.      33600
     6.   Аудармашылардың қызметіне
          ақы төлеу
          2 адам х 8 сағ. х 4 күн          700/сағ.      44800
     7.   "Қазақстан" қонақ үйінің
          конференц-залын жалға алу
          8 сағ. х 3 күн                   10350/сағ.    248400
                         жиыны:                          1125300
 
 
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами