Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасында құқықтық ақпарат алмасу жөнінде Келісімге
қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999
жылғы 1 маусым № 681
1998 жылғы 18 маусымдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен қазақстан-беларусь комиссиясының бірінші отырысының барысында қол жеткізілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында құқықтық ақпарат алмасу жөнінде Келісім жасау туралы уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі шаралар Жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасында құқықтық ақпарат алмасу жөнінде Келісімге қол қойылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Құқықтық ақпарат алмасу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Беларусь Республикасы Үкіметі арасындағы
Келісім
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Республикасы Үкіметі, бұдан әрі Тараптар деп аталады,
- достық пен өзара түсіністік қатынастарын нығайтуды қалай отырып,
- құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтыла отырып,
- екі мемлекеттің заңдар туралы өзара хабардар болуын жақсарту жөніндегі қатынастарды дамытудың қажеттілігін мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-Бап
Тараптар халықаралық алмасуға жататын, жариялауға ашық нормативтік құқықтық актілердің Тақырыптық тізбесінде (қоса беріліп отыр) белгіленген мәселелер бойынша екіжақтылы құқықтық актілер ақпаратын алмасудың қажеттігін мойындайды.
Жоғарыда көрсетілген Тізбе Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
2-Бап
Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа мемлекеттік құпиядан, Тараптар өкілдігін білдіретін мемлекеттің заңмен қорғалатын өзге де құпиясынан басқа сұралған ақпаратты беруге міндеттенеді.
Ынтымақтастық барысында Тараптардың бірі алған ақпарат ол меншігі болып табылатын Тараптың келісімі болған жағдайда ғана құқықтық ақпарат алмасу жүйесінен тыс пайдаланылуы мүмкін.
Ынтымақтастық барысында алынған ақпарат Тараптардың мүддесіне залал келтіретіндей болып пайдаланылуға тиіс емес.
3-Бап
Тараптар ұлттық ақпарат ресурстарын пайдалана отырып мәліметтердің эталондық базасын алмасады.
4-Бап
Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесiн құру жөніндегі келісілген шараларды жүзеге асыра отырып:
субъектiлер тiзбесiн - ақпаратты пайдаланушыларды, ақпараттың құқықтық режимiн - ақпараттық дәрежесiн,
құжатталуын, алыну мүмкіндiгiн, сақталуын, таратылуы мен қорғалуын айқындайтын белгіленген нормативтiк ереженi белгiлейдi.
5-Бап
Тараптар құқықтық ақпарат алмасу жүйесiн құру мен алмасу жөнiндегі жұмыстардың үйлестірушiлерi етіп мыналарды белгілейдi:
Қазақстан Республикасы Yкіметі тарапынан - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі.
Беларусь Республикасы Үкіметі тарапынан - Беларусь Республикасы Ұлттық құқықтық ақпарат орталығы.
6-Бап
Тараптар бiрлесе пайдалану үшiн белгіленген ұлттық құқықтық ақпарат ресурстарына (мәлiметтердің эталондық базаларына) қол жеткiзу мүмкiндігін қамтамасыз етiп, оларды бақылау жағдайында ұстайды және ақпараттық мәлiметтердiң толық, шынайы және дер кезiнде берiлуi үшiн жауапкершiлiк көтередi.
7-Бап
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы ақпарат, әдетте, орыс тілінде және тегін берiледi.
Тараптар өзара келісім бойынша құқықтық ақпаратты хабарлар мен жүйелер тобын таратудың белгіленген халықаралық стандарттарын сақтай отырып, құжаттарды электронды хабар беру арқылы алмасады немесе қажетті ақпаратты хатқа түсiрiп бередi.
8-Бап
Тараптар:
мәлiметтер базаларын алмасу кезiнде бiр бiрiне нормативтiк құқықтық актiлердi берiп отыруды;
қолданылып жүрген ақпараттық-коммуникациялық ресурстар жүйелерiн, сондай-ақ жаңадан құрылған құпия байланыстар жүйелерiн пайдалана отырып құқықтық ақпарат алмасуды жүргiзу қажет деп санайды.
Құқықтық ақпарат алмасу екi мемлекеттің заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
9-Бап
Осы Келісім Тараптардың басқа халықаралық шарттар жөніндегі құқықтары мен мiндеттерiн қозғамайды.
10-Бап
Келісім Тараптардың келісімi бойынша өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Барлық өзгерістер мен толықтырулар Хаттамамен ресiмделедi, ол осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
11-Бап
Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер екiжақтылы келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлетiн болады.
12-Бап
Осы Келісім Тараптардың iшкi мемлекеттік шаралардың орындалғаны туралы соңғы құлақтандыруын алған күннен бастап күшiне енедi және егер Тараптардың бiреуi Келісім күштің мерзiмi бiтерден кем дегенде алты ай бұрын басқа Тарапты өзiнiң осы Келісімнiң күшiн тоқтату жөніндегі ниетi туралы хабардар етпесе, онда қолданылу мерзiмi кемiнде әрбiр бес жылға өздiгінен ұзарып, бес жыл бойы қолданылатын болады.
1998 жылдың "____"________________ екi түпнұсқа данада әрқайсысы беларусь, қазақ және орыс тiлдерiнде ___________ қаласында жасалды, екi мәтiннің де заңдық күшi бiрдей. Осы Келісімнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтiндi пайдаланатын болады.
Қазақстан Республикасы Беларусь Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасы Үкiметі мен
Беларусь Республикасы Үкіметі
арасында құқықтық ақпарат алмасу
туралы Келісімге
Қосымша
Мемлекетаралық алмасуға жататын
нормативтiк құқықтық актiлердiң
Тақырыптық тізімі
1. Мемлекеттік құрылыс негiздерi.
2. Азаматтық құқық.
3. Неке және отбасы.
4. Азаматтық-iс жүргiзу заңдары.
5. Төрелiк iс жүргiзу.
6. Халықты жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту.
7. Әлеуметтiк сақтандыру және әлеуметтiк қамсыздандыру.
8. Қаржы және несие.
9. Кәсiпорындар мен кәсiпкерлiк қызмет.
10. Өнеркәсiп.
11. Күрделi құрылыс пен күрделi жөндеу.
12. Қала құрылысы мен архитектуралық кешендер.
13. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсiп кешендерi.
14. Сауда.
15. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету.
16. Көлiк және байланыс.
17. Бiлiм.
18. Ғылым.
19. Мәдениет.
20. Азаматтардың денсаулығын қорғау.
21. Тұрғындарға дене тәрбиесiн беру.
22. Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды (тұтастай) тиiмдi пайдалану.
23. Жер туралы заңдар.
24. Жер қойнауы туралы заңдар.
25. Ормандарды қорғау және пайдалану.
26. Суды қорғау және пайдалану.
27. Жануарлар әлемiн қорғау және пайдалану.
28. Атмосферадағы ауаны қорғау.
29. Геодезия және картография.
30. Гидрометеорология.
31. Мемлекеттік қызмет.
32. Қорғаныс.
33. Мемлекет қауiпсiздiгi.
34. Кеден iсi.
35. Қоғамдық тәртiптi қорғау.
36. Сот. Әдiлет. Прокуратура.
37. Қылмыстық-iс жүргiзу заңдары.
38. Қылмыстық-атқарушылық iс жүргiзу заңдары.
39. Әкiмшілiк жауаптылық.
40. Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар
41. Халықаралық жеке құқық және үрдiс.
Сыртқы экономикалық қатынастар.