Введите номер документа
Прайс-лист

Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 Қаулысы (2000.25.01 берілген өзгерістерімен )

Информация о документе
Датавторник, 28 сентября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 28 сентября 1999
Дата последнего изменениявторник, 28 сентября 1999

Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465  Қаулысы

(2000.25.01  берілген өзгерістерімен )

 

Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру, өткiзiлетiн салтанатты iс-шараларды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Республикалық деңгейде мыналар аталып өтiледi деп белгiленсiн:

жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалардың мерейтойлық және атаулы күндерi, республиканың экономикалық және рухани әлеуетiне аса зор үлес қосқан қызметтiң түрлi саласындағы жекелеген ұйымдардың құрылған жылдықтары;

рухани мәдениеттi дамытуға, мемлекеттiң қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңiнен танымал әйгiлi қайраткерлердiң, ғылым мен өнердiң көрнектi қайраткерлерiнiң мерейтойлары.

2. 1) облыстардың, қалалардың, қызметтің түрлi саласындағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткiзген ұйымдардың мерейтойлары жүз жылдығында және одан әрi әрбiр 25 жылда аталып өтiледi;

ҚР Үкіметінің 25.01.00 ж. № 124 қаулысымен  2) тармақша жаңа редакцияда

2) жекелеген тұлғалардың мерейтойлары алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi.

3) республикалық деңгейде өткiзiлетiн мерейтойлық және атаулы күндердi мерекелеу Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

3. «Мерейтойларды өткізу мен атаулы даталарды мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 7 маусымдағы № 465 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,1993 ж., № 22, 276-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом