"Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "KEGOC"
электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы"
ашық акционерлік қоғамының алдындағы кредиторлық берешегін
өтеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 30 қыркүйек № 1485
"Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi № 1048 қаулысына сәйкес және "Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кредиторлық берешегiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысымен құрылған Комиссияның "Кентауликвидрудник" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының берiлген электр энергиясы үшiн "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компаниясы" ашық акционерлік қоғамының алдындағы 216 693 000 (екi жүз он алты миллион алты жүз тоқсан үш мың) теңге сомасындағы кредиторлық берешегiн өтеу туралы ұсынысына келісім берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысымен бекітілген тәртiппен жоғарыда көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрi О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі