Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 5 қаңтардағы № 25

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекешелендіру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 5 қаңтардағы № 25
Датачетверг, 5 января 1995
Статус
Действующий
введен в действие с 5 января 1995
Дата последнего изменениячетверг, 5 января 1995

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекешелендiру
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Қаулысы 1995 жылғы 5 қаңтардағы № 25

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары үшiн инвесторлар таңдау мақсатымен конкурс өткiзудiң тәртібі мен шарттарын реттейтiн, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 388 өкіміне сәйкес жекешелендiру комиссиясы әзiрлеген құжаттар тұтасымен мақұлдансын. Конкурстың негiзгi шарттары:

Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын акционерлік қоғамдар етiп қайта құру;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң бастапқыда инвесторға фабрика акцияларының 49 процентiн сатуы;

әрбiр зауыт бойынша акциялардың жалпы санының 10 процентi болатын атаулы артықшылықты тегiн акциялардың шығарылуы мен зауыттардың бұрынғы және қазiргi қызметкерлерiне берiлуiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қамтамасыз етуi;

акциялардың бастапқы 49 процентi сатылған күннен бастап бес жыл бойы әрбiр зауыт бойынша "Алтын акцияның" Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнде сақталуы;

акциялардың бастапқы 49 процентiн сату-сатып алу туралы шарт жасасылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде зауыттар акцияларының қалған бөлiгiн сол инвесторларға сату мүмкiндiгi.

     2. Жекешелендiруден кейiн:

екi зауыт та дәмдi тағам өнеркәсiбiнiң өнiмi үшiн белгiленген рентабельдiлiктiң ең жоғары деңгейiнен, еркiн баға мен тарифтер декларациялаудан, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі мiндеттемелерден, сондай-ақ өнiм шығару үшiн сатып алынатын шикiзат көлемiне Қазақстан Республикасы шебiнде қойылатын шектеулерден босатылады.

зауыттарға қазiргi кезде орналасқан жер учаскелерiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыратын бүкiл кезеңге жалдау құны берiледi деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 24 маусымдағы № 249 Жарлығының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. "Тағам" мемлекеттік акционерлік компаниясы Түркия беретiн кредиттiң Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тағамдық саломас жеткiзiлген кездегi бағамы бойынша шикiзат алынғаннан кейiн бiр жыл iшiнде теңгемен өтелуiн қамтамасыз етсiн".

4. "Тағам" мемлекеттік акционерлік компаниясы, Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары "Қазтамақөншикiзат" республикалық сыртқыэкономикалық бiрлестiгi мен Алматы және Қарағанды маргарин зауыты арасында 1993 жылғы 15 қарашада жасасылған саломас жеткiзу жөніндегі № 9 және 10 контрактыларға осы зауыттарды аталған контрактылар бойынша қаржы мiндеттемесi мен басқа да мiндеттемелерден босату үшiн қажеттi өзгерістер енгiзсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне тапсырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!