Қазақстан Республикасы Парламентiнiң инженерлiк орталығын Сенат
пен Мәжілістiң мәжіліс залдарын жарақтандыру үшiн әкелiнетiн
жабдықтарға қосылған құнға салық төлеуден босату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 9 сәуiр
№ 413
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығының 61-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ Парламенттiң инженерлiк орталығы Сенат пен Мәжіліс залдарын жарақтандыру үшiн жабдықтарды республикалық бюджет есебiнен сатып алатынын ескерiп, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң инженерлiк орталығы Сенат пен Мәжілістiң мәжіліс залдарын жарақтандыру үшiн PHILIPS COMMUNICATION & SEKURITY № 557.95.014.501 фирмасымен 1995 жылғы 11 қарашадағы контракт бойынша әкелiнетiн жабдықтарға және олардың босалқы бөлшектерiне қосылған құнға салық төлеуден босатылсын.
2. Осы қаулы аталған контракт бойынша жабдықтарды жөнелткеннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi