Введите номер документа
Прайс-лист

Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті құрылысының мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 16 шілде № 906

Информация о документе
Датавторник, 16 июля 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 16 июля 1996
Дата последнего изменениявторник, 16 июля 1996

Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi құрылысының
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
Қаулысы 1996 жылғы 16 шiлде № 906

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрiк Республикасы Үкіметінiң арасындағы Түркiстан қаласында Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiн құру туралы келісімдi жүзеге асыру және оның құрылысын кешендi жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Түркiстан қаласындағы Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң объектілерін республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын, басымдықтар тiзбесiне енгiзсiн.

2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығының 86-бабының 2-тармағына, 61-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заң күшi бар Жарлығының 149-бабының 6-тармағына сәйкес Қ.А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң құрылысын жабдықтауға арналған қайырымдылық мақсатында және қайтарымсыз негiзде Қазақстан Республикасына әкелiнген тауарлар университет кешенiнiң құрылысын салу кезеңiнде қосылған құнға салынған салықтан, акциздер мен кеден бажынан босатылсын.

3. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі бұл жұмыстардың орындалуын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi университетiнiң құрылысын салуға және жабдықтауға әкелiнген тауарлардың, және осы мақсаттар үшiн бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрінің
           орынбасары
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом