Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстандық қазіргі заман әндерінің II конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 1 тамыздағы № 254

Информация о документе
Датапятница, 1 августа 1997
Статус
Действующийвведен в действие с 1 августа 1997
Дата последнего измененияпятница, 1 августа 1997

Қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы
1 тамыздағы № 254

Қазақстан эстрада әндерiнiң жанрын дамыту, сондай-ақ шығармашылық қайраткерлерiн жаңа қазiргi заман репертуарын жасауға ынталандыру мақсатында:

1. "Азия дауысы" халықаралық конкурсының аясында қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсы өткiзiлсiн.

2. Қазақстандық қазiргi заман әндерiнiң II конкурсына қатысушылар үшiн 7 (жетi) мың АҚШ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасы Президентінің 1 (бiр) арнайы сыйлығы және әрқайсысы 1200 (бiр мың екi жүз) АҚШ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлігінiң 6 (алты) сыйлығы белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі көрсетiлген сыйлықтарды 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 08 "Мәдениет саласында демалыс пен қызметтi ұйымдастыру" функционалдық тобы бойынша мәдениетке арналып көзделген қаражаттың есебiнен төлесiн.

4. Көрсетiлген сыйлықтарды алған адамдарға салық салу "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығының 34-бабының 5-тармағының 6-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

5. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігіне жүктелсiн.

Премьер-Министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами