Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына мерейтойлық мәнеттер шығару туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1 қыркүйек 1994 ж. № 978
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына мерейтойлық мәнеттер шығару туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1 қыркүйек 1994 ж. № 978
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына құны 20 теңгелiк 5 милиион дана мерейтолық мәнеттер шығару туралы ұсынысы қабылдансын.
Бұл мәнеттер республикада заңды төлем құралы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне:
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының белгiсi мен мәнеттердiң дизайны бейнеленген мерейтойлық мәнеттер шығару туралы баспасөзде хабар жариялау;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының нұсқауларын ескере отырып, мерейтойлық мәнеттердi айналымға шығару күнiн белгiлеу;
осы мәнеттер шығаруға кететiн шығынды банк шығысының сметасы шегiнен асырмау ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами