Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы № 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы № 894
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1997 жылғы 28 мамырдағы № 894
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"1997 жылдың өнiмiнен мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 24 наурыздағы № 401 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
4-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық компаниялары жанар-жағар материалдарды, тұқымды, техниканы, жабдықтарды, босалқы және жинақтаушы бөлшектердi, өсiмдiктердi химиялық қорғау құралдарын, тыңайтқыштарды және басқа да материалдарды мемлекеттік астық сатып алуға берiп тұруға өз бетiнше шарттар жасасады".