Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 30 желтоқсан № 181-ө

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 30 желтоқсан № 181-ө
Датачетверг, 30 декабря 1999
Статус
Действующий
введен в действие с 30 декабря 1999
Дата последнего изменениячетверг, 30 декабря 1999

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды
жақсарту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 30 желтоқсан № 181-ө

"Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, елімізде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі:

1) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдасын;

2) басқа да мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп, оларды халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды қамтамасыз етсін;

3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері туралы деректердің ақпараттық базасы бар компьютерлік бағдарламасын құру жөнінде шаралар қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда, Ауыл шаруашылығы, Мемлекеттік кіріс, Көлік және коммуникациялар министрліктері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарын ақпараттандыруды және олардың лауазымды адамдарының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мәселелеріне қатысты мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі эпидемиологиялық, санитарлық-гигиеналық және радиациялық жағынан ықтимал қауіпті жүктерді кедендік ресімдеу кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды тұлғаларының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуіне жәрдемдессін.

4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының шағын бизнес объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуіне жәрдемдессін.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүргізетін санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы ұйымдастыру жөнінде кезек күттіретін ұйымдастырушылық шараларын әзірлесін, бекітсін және жүзеге асырсын.

6. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

Премьер-Министр


Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!