Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 ақпан № 308 (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 28 февраля 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 августа 2005

Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы
ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру
жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 28 ақпандағы № 308 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.05.08. № 818 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі кезек күттірмейтін іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.

     2. Қосымшаға сәйкес Ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

4. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдері мүдделі министрліктермен және ведомстволармен, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдармен бірлесіп, бір айлық мерзім ішінде жер сілкінісі болатын аудандардағы сейсмикалық тәуекел мен залалды төмендету мәселелері жөнінде 1999 жылғы 30 қыркүйекте және 1 қазанда Алматы қаласында өткен республикалық кеңес ұсынымдарының негізінде шығыстардың көлемі мен қаржыландыру көздерін айқындай отырып, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың мақсатты аймақтық жоспарларын әзірлесін және Ведомствоаралық комиссияға ұсынсын.

5. Ведомствоаралық комиссия мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі кезек күттірмейтін шараларды іске асыру жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған сейсмикалық іс-шаралардың жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) құрылыстың және құрылыс материалдары мен бұйымдарын, конструкцияларын өндірудің сапасын, әсіресе республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында, ведомстводан тыс мемлекеттік бақылауды күшейту жөнінде;

2) құрылысты кешенді жобалау мен зерделеу, ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік ұйым құру жөнінде ұсыныс табыс етсін.

7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, екі ай мерзімде заң актілеріне азаматтар мен заңды тұлғалардың жол берілген республиканың сейсмикалық қауіпті аймақтарында ғимараттар мен құрылыстарды салудың және пайдаланудың нормативтік талаптарын бұзудың нәтижесінде пайда болған салдар үшін жауапкершілігін арттыруға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс дайындасын.

8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

                               

                                               Қазақстан Республикасы

                                                    Үкіметінің

                                               2000 жылғы 28 ақпандағы

                                               № 308 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті

аймақтарындағы ғимараттар мен құрылыстардың

сейсмикаға төзімділігін арттыру жөніндегі кезек

күттірмейтін шараларды іске асыру жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның құрамы

 

     Школьник Владимир     - Қазақстан Республикасының Энергетика,         
     Сергеевич               индустрия және сауда министрі - комиссияның   
                             төрағасы
     
     Шардарбеков Шәріпбек   - Қазақстан Республикасының Энергетика,        
     Шардарбекұлы            индустрия және сауда министрлігі Құрылыс      
                             істері жөніндегі комитетінің төрағасы,        
                             комиссия төрағасының орынбасары
     
     Бергенов Әділғазы     - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Садуақасұлы

     Долженков Виктор      - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары

Анатольевич

     Заяц Яков             - Алматы қаласы әкімінің  бірінші орынбасары

Игнатьевич

     Құртаев Әлімжан       - Оңтүстік Қазақстан әкімінің бірінші орынбасары

Сейітжанұлы

     Бижанов Керімжан      - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Сембайұлы

     Әшімбаев Марат        - "ҚазСТҚСҒЗИ" РМК-ны институтының директоры

Омарбайұлы

     Абақанов Миркен      - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия
     Сейтқасымұлы           және сауда министрлігі Құрылыс істері         
                            жөніндегі комитетінің басқарма бастығы
     
     Баймышев Қазбек     - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия 
     Қайымұлы              және сауда министрлігі Құрылыс істері         
                           жөніндегі комитетінің басқарма бастығы
     
     Оспанов Асқар         - Қазақстан Республикасы Ғылым және білім 
     Берлібайұлы             министрлігінің "Сейсмология" институты
                             директорының орынбасары

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами