5 аудит Ережелерін (стандарт) «Қаржылық есеп-қисапқа аудиторлық
қорытынды» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік
есеп әдіснамасы және аудит Департаментінің бұйрығымен
бекітілген 1998 жылғы 20 мамыр № 83
ҚР Қаржы министрінің 2008.15.04. №179 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы
Қаржы Министрлігінің Министрлігінің Бухгалтерлік есеп
1998 жылғы 9 шілдедегі № 308 әдіснамасы және аудит
бұйрығы бойынша Департаментінің 1998 жылғы
үйлестірілген 20 мамырдағы № 83 бұйрығымен
бекітілген
5 аудит Ережелерін (стандарт) «Қаржылық
есеп-қисапқа аудиторлық қорытынды»
Кіріспе
1. Осы Ережелер (стандарт) субъекттің қаржылық есебінің тәуелсіз аудитор жасаған аудиторлық қорытындысының форма және мазмұн жағынан түзілу тәртібін қалыптастырады. Осы Ережелердің (стандарт) едәуір бөлегі қаржылық есеп-қисаптан басқа қаржылық ақпараттар бойынша аудиттік есеп жасауға (мәселен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қазақстан Республикасы құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия тарапынан қойылатын қосымша талаптар) қолданыла алады.
2. Аудитор қаржылық есеп-қисап турасында пікір білдіруге мүмкіндік тудыратын аудиторлық дәйектемелер негізінде жасалған қорытындыны саралап, баға беруге міндетті.
3. Осы талдаулар мен баға беру қаржылық есептің белгіленген талаптарға сәйкес даярланғанын қарауға мұрындық болады.