2 аудит Ережелерін (стандартын) «Аудит жүргізудің шарттары» бекіту
туралы Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті 1998
жылғы 4 маусымдағы № 91
ҚР Қаржы министрінің 2008.15.04. №179 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы өзгергенде № 2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күшіне ие Жарлығының, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензиялау туралы» Заң күшіне ие Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті туралы» Ережелердің негізінде
БҰЙЫРАМЫН:
1. 2 аудит Ережелері (стандарты) "Аудит жүргізудің шарттары" бекітілсін.
2. Осы Ережелер (стандарт) аудитор мен қажеткер арасындағы келісімдік қатынастарды үйлестіру жөніндегі басшылықты және қажеткердің міндеттеме шарттарын біршама төмен сенімдегі міндеттемелерге ауыстыру туралы өтінішіне орай аудитордың жауап беруін қамтамасыз етеді деп тағайындалсын.
3. Осы Ережелер (стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен күшіне енеді.
4. Аудиторлық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі Басқарманың бастығы С.Н. Пироговскаяға бекітілген Ережелерді тағайындалған заң актілері негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеу міндеттелсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаментінің енгізу және бақылау бөліміне осы бұйрықты және 2 аудит Ережелерін (стандарт) "Аудит жүргізудің шарттарын" мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір апта уақыт ішінде Департаменттің облыстық басқармаларына, комитеттер мен министрліктерге жеткізу тапсырылсын.
6. Бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және аудит Департаменті директорының орынбасары Л.Ж. Айтқожинаға жүктелсін.
Директор
Кіріспе
1. Аудиттің осы Ережелері (стандарты) төмендегі жағдайларға басшылық жасайды: