Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 241 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір № 540

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы № 241 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір № 540

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 14 ақпандағы № 241
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір № 540

     Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеуге Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 14 ақпандағы № 241 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1-тармақта:

     1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне "1941-1945 жылдардағы соғыс ардагерi" бiрыңғай үлгiдегi естелiк белгiлердi, олардың куәлiктерiн жасауға мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру үшiн, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтаумен бiрге бiр қаржы көзiнен открытка сатып алуға, сондай-ақ көлiктiк қызмет көрсетудi ескере отырып, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығы құрметiне бiр қаржы көзiнен естелiк сыйлықтар сатып алуға 147 600 000 (бiр жүз қырық жетi миллион алты жүз мың) теңге;

2) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеу құрметiне Астана қаласында әскери парадты дайындау және өткізу үшiн мемлекеттік органдардың басшылары бекiткен сметаға сәйкес парадқа қатысатын:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне 53 000 000 (елу үш миллион) теңге;

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне 3 200 000 (үш миллион екi жүз мың) теңге;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне 2 300 000 (екi миллион үш жүз мың) теңге;

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына 1 200 000 (бiр миллион екi жүз мың) теңге";

     мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

"3) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне полиграфиялық қызмет көрсетулер кешенiн сатып алуға 440 000 (төрт жүз қырық мың) теңге бөлiнсiн";

     мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

"1-1. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне Астана қаласынан естелiк сыйлықтарды жеткізудi қамтамасыз ету ұсынылсын";

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қаражат бөлiнiп отырған мемлекеттік органдар 2000 жылғы екiншi тоқсанның қорытындылары бойынша қаражаттың пайдаланылғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне есеп берсiн".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
               
                    
                         

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!