Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 15 мая 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 15 мая 2000
Дата последнего измененияпонедельник, 15 мая 2000

Қазақстан Республикасында бастауыш және орта кәсіптiк білім берудi
одан әрi дамыту жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 15 мамырдағы № 721 Қаулысы

 

Бастауыш және орта кәсiптiк білім берудi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне:

1) жастарға бастауыш және орта кәсiптiк білім берудiң, жұмыссыз азаматтарды даярлаудың және қайта даярлаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу. Еңбек рыногының мониторингiн тұрақты жүргiзу, экономиканың салалары бойынша біліктi жұмысшылар мен мамандарға сұранысын анықтау;

2) қолда бар бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындары желiсiн сақтау және оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қолдану;

3) мемлекеттік бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарын облыстық бюджеттер есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз ету;

4) аймақаралық деңгейде біліктi жұмысшылар мен мамандарды Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк білім беру оқу орындарында даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі белгiленген тәртiппен:

1) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау және басып шығарудың мақсатты бағдарламасын;

2) бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарын ақпараттандырудың мақсатты бағдарламасын әзiрлесiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами