Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінiң және басқа да
мемлекеттердiң әскери-оқу орындарына Қазақстан Республикасының
азаматтарын қабылдау Ережелерiн күшіне енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 24 ақпандағы
№ 37 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 160 Бұйрығымен күші жойылады
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң және басқа да мемлекеттердiң әскери-оқу орындарын тыңдаушылар және курсанттарды жинақтауды ұйымдасқан және сапалы түрде қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң және басқа да мемлекеттердiң әскери-оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау Ережелерi (осы Бұйрықтың № 1 қосымшасы) күшiне енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерiнiң, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер түрлерiнiң қолбасшылары, бiрлестіктер, құрамалар мен әскери бөлiмдер командирлерi, Қазақстан Республикасы әскери-оқу орындарының, мекемелерiнiң, кәсiпорындарының және ұйымдарының бастықтары, әскери комиссарлар:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң және басқа да мемлекеттердiң әскери-оқу орындарына түскiсi келетiн әскери қызметшiлер мен азамат жастарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң және басқа да мемлекеттердiң әскери-оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау Ережелерiн жеткізудi ұйымдастырсын;
2) әскери-оқу орындарына түсу үшiн үмiткерлердiң моральдық қасиеттерi мен қоғамдық-саяси белсендiлiгiн, олардың денсаулық жағдайын, әскери-кәсiптiк бағдары мен жеке бастарының психологиялық қабiлеттерiн, дене және жалпы білімдiк даярлық деңгейiн жан-жақты зерделесiн;