Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 желтоқсан № 1851
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 желтоқсан № 1851
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен, Астана қаласында "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясы Ұлттық филиалының офисін салуға және жарақтандыруға 20000000 (жиырма миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.