Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Юрий Алексеевич Кимді мәңгі есте қалдыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қаңтар № 110
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Юрий Алексеевич Кимді мәңгі есте қалдыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 қаңтар № 110
Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Ю.А. Кимді мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Алматы қаласының әкімі:
1) Ю.А.Кимге ескерткіш құлпытас орнатсын;
2) белгіленген тәртіппен Алматы қаласы көшелерінің біріне Ю.А.Кимнің есімін берсін;
3) Алматы қаласының Зейін Шашкин көшесіндегі 36а тұрғын үйге ескерткіш тақта орнатсын.
2. Алматы қаласының әкіміне ескерткіш құлпытасты жасау мен орнату және Ю.А.Кимді мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шаралар бойынша шығыстарды қаржыландыруды 2001 жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.