ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1997 ж. 31 желтоқсандағы
№ 455 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Қаржы министрлігі 2003 ж. 11 наурыздағы № 101 бұйрығымен өзгерістер енгізілді
24 Бухгалтерлiк есеп стандарты бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру
Қызметтердiң мақсаты және ауқымы
1. Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастырудың тәртібін ұйымдардың осы стандарты белгiлейдi.
ҚР Қаржы министрлігі 2003 ж. 11 наурыздағы № 101 бұйрығымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi құру ұйымдардың төмендегi негiздерiнде:
"Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;
бухгалтерлiк есептiң стандарттарымен (БЕС);
БЕС-ке арналған әдiстемелiк ұсынымдарымен;
бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру ұйымдары бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, нұсқаулар, есептеу саясатымен жүзеге асырылады.
ҚР Қаржы министрлігі 2003 ж. 11 наурыздағы № 101 бұйрығымен 3- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Осы стандарт қызметiн реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдарды қоспағанда, бухгалтерлiк қызметтi ұйымдастыру кезiнде ұйымдардың барлық түрiне қолданылады.
Бухгалтерлiк қызметтердiң мiндеттерi
ҚР Қаржы министрлігі 2003 ж. 11 наурыздағы № 101 бұйрығымен 4- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)