Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтiк құқықтық
актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 413 қаулысы
(2009.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi бойынша заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi № 154-1 Заңының күшiне енгiзiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мына нормативтiк құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар бекітілсiн:
а) ҚР ҚҚА Басқармасының 12.07.04 ж. № 197 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
б) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 28 наурыздағы № 80 Қаулысымен бекітілген банк үстiнен бақылау жасау және жүзеге асыру құқығын иелену шарттары туралы ереже:
в) ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 177 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
г) ҚР ҚҚА Басқармасының 12.07.04 ж. № 197 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
д) екiншi деңгейдегi банктердiң басшы қызметiне тағайындауға жататын кандидаттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 229 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiгiне келісім тәртібі туралы ереже, және оларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (А.К.Өртембаев) банктiк қадағалау департаментi (Н.К.Абдулина) осы Қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аталған нормативтiк құқықтық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн.