"Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік
мекемелер үшiн жүргiзiлген, тауарларды, жұмыстарды және
қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу туралы есеп берудi
жасау мен табыс етудiң Ережесi мен есеп нысандарын" бекіту
және күшiне енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы 1999
жылғы 25 қаңтардағы № 2 Бұйрығы
ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің 18.04.03 ж. № 56 бұйрығымен күші жойылды
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қаңтардағы № 35 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң мәселелері" қаулысының негiзiнде бұйырамын:
1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік мекемелер үшiн жүргiзiлген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң қоса берiлiп отырған Ережесi мен есеп нысандары бекітілсiн.
2. Аталып отырған, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң Ережесi мен есеп нысандары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң 1998 жылғы 19 қазандағы № 199 "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлардан қаржыланатын ұйымдар үшiн өткiзiлген, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу туралы есеп берудi жасау мен табыс етудiң Ережесi мен есеп нысандарын" бекіту және күшiне енгізу туралы бұйрығының күшi жойылған деп белгiленсiн.
Төраға
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыланатын
мемлекеттік мекемелер үшін жүргізілген, тауарларды, жұмыстарды
және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп беруді
жасау мен табыс етудің Ережесі мен есеп нысандары