Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатынұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан РеспубликасыҚаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің 1999 ж. 25 мамырдағы№ 238 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төрайым
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазынашылық комитетінің
1999 жылғы 25 мамыр № 238
бұйрығымен бекітілген
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдардагы бухгалтерлiк
есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөніндегі нұсқаулыққа мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
1. Нұсқаулықтың атауындағы "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен ұсталатын ұйымдардағы" деген сөздер "Мемлекеттік мекемелердегi" деген сөздермен ауыстырылсын.