Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1161 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы № 1161 Қаулысы

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Шығыс Қазақстан мыс кешенін құру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 тамыздағы
№ 1161 Қаулысы


"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес және оның республиканың Шығыс Қазақстан аймағының экономикасы үшiн маңызды мәнiн ескере отырып Ертіс мыс балқыту зауыты мен Ертіс тау-кен байыту комбинатының базасында мыс кешенiн Ұйымдастыру үшiн "Шығыс Қазақстан мыс кешенiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 маусымдағы № 838 қаулысын iске асыруды жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулының кiрiспесiнде көрсетiлген ұйымдардың:

1) "Ертіс мыс балқыту зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды жүзеге асыруды;

"Ертіс тау-кен байыту комбинаты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгінiң мүлiктiк кешенiн бiрыңғай лотпен сатуды жүзеге асыруды;

2) сатып алушының үшiншi кезектегі кредиторлардың талаптарын өтеу жөнiндегі мiндеттемелерiн;

3) өндiрiстi iске қосу жөнiндегі дайындық жұмыстарын қаржыландыру үшiн әлеуеттi инвесторды тартуды;

4) әлеуеттi инвестордың кәсiпорындарды iске қосу жөнiндегі шығындарын банкроттық рәсiмдерiн жүргiзуге байланысты әкiмшiлiк шығыстарға енгізудi;

5) сатып алушының қуаттарды:

мыс балқыту өндiрiсiне жыл iшiнде 32500 (отыз екi мың бес жүз) тонна алғашқы мыс шығаруға арналған;

Ертіс кенiшiне бiр жыл iшiнде өнiмдiлiгi 500000 (бес жүз мың) тонна рудаға арналған;

Белоус кенiшiне жыл iшiнде өнiмдiлiгi 500000 (без жүз мың) тонна рудаға арналған;

Белоус байыту фабрикасын алты айдың iшiнде өнiмдiлiгi 600000 (алты жүз мың) тонна және жыл iшiнде - 1000000 (бiр миллион) тонна рудаға арналған жүктемемен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін көздейтін конкурстық массаларын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.

2. Конкурстық массалары сатып алушыларға қосымша талаптар көзделсін:

1) сауда-саттыққа тек тау-кен-металлургия өнеркәсібінде жұмыс тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана жіберіледі;

2) Жоғары Березов поселкесіне орналасқан Жоғары Березов байыту фабрикасын пайдалану мүмкін болмаған жағдайда оның қызметкерлерін сақтау немесе оларды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысының әкімі В.Л.Меттеге жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!