Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы келісімдерге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 22 қазандағы № 1584 қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 22 октября 1999
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 22 октября 1999

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы
Үкіметінің арасындағы келісімдерге қол қою туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 22 қазандағы № 1584 қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасында Экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы жасалсын, сондай-ақ мына келісімдерге қол қойылсын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Экономикалық және қаржылық жолсыздықтарға қарсы күрес, сондай-ақ заңсыз әкетілген валюталық құндылықтарды қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Әзірбайжан Республикасының азаматтары мен Әзірбайжан Республикасының аумағында уақытша жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы келісім;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы авторлық құқық пен аралас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің арасындағы Денсаулық сақтау және медициналық ғылымдар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Даниал Кенжетайұлы Ахметовке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан осы қаулының 1-тармағының 2) 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген келісімдерге қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев




















 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами