Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1996 жылғы
12 желтоқсандағы № 292 қаулысымен бекітілген "Екінші деңгейдегі
банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы"
ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы № 316 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 305 қаулысымен күші жойылды
Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және 1999-2001 жылдары банк жүйесiндегi бухгалтерлiк есепке халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 292 қаулысымен бекітілген "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы" ережеге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 31 наурыздағы № 89, 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 135, 1997 жылғы 15 қазандағы № 375, 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 411, 1997 жылғы 30 желтоқсандағы № 470, 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 339 қаулыларымен бекітілген өзгерістерi мен толықтыруларына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және "Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы" ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркеуден өткiзсiн;