Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 739 Қаулысы (күші жойылды)
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 739 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 467 Қаулысына сәйкес күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы № 1633 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 482-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің төрағасы
енгізілсін;
көрсетілген құрамнан Әбілғазин Данияр Рүстемұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.