Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат
бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 26 мамырдағы № 797 қаулысы
ҚР Үкіметінің 04.07.00 ж. № 1015 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Атырау облысында елді мекендерді қорғау және көктемгі су тасқындары мен Каспий теңізінің жел көтерген толқындарының зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен Атырау облысының әкіміне халықты және аумақтарды көктемгі су тасқыны мен Каспий теңізінің жел көтерген толқындарынан қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге 100 (жүз) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Атырау облысының әкімі 2000 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған жұмыстардың көлемдері мен құны туралы есеп ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі