Введите номер документа
Прайс-лист

Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенін салу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1795 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенін салу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1795 қаулысы (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Анкара қаласында (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының
дипломатиялық өкілдік ғимараты кешенін салу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы № 1795 қаулысы

ҚР Үкіметінің 27.11.01 ж. № 1527 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі "Заем алушы") заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартқан, мемлекеттік емес заем қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы (Түркия Республикасы) дипломатиялық өкілдіктің ғимараты кешені құрылысының жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жобаға экономикалық сараптама жүргізсін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті қорытындыны ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

3 000 000 (үш миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты және кепілдік берушінің төлеуіне жататын өзге де төлемдерді қамтитын, тартылған мемлекеттік емес заем бойынша жалпы сомаға Заем алушының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдік беру лимиті шегінде, кредиторға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін;

Заем алушымен көрсетілген мемлекеттік кепілдікті беруге байланысты туындайтын міндеттемелерді қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасасын.

4. Заем алушы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.

5. ҚР Үкіметінің 30.12.00 ж. № 1963 қаулысымен 5-тармақ күшін жойды

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев

 

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!