«2001 жылғы 28 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды - Астана жолының құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 маусымжағы № 776 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«2001 жылғы 28 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды - Астана жолының құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
2001 жылғы 28 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды - Астана жолының құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісімді бекіту туралы
Қабылданды - ҚР 2001 жылғы 10 шілде № 229-II Заңын қараңыз
2001 жылғы 28 сәуірде Абу-Даби қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қорының арасындағы Қарағанды - Астана жолының құрылысын қаржыландыруға арналған заем туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті