Жоғары білімді медицина және фармацевтика мамандарын біліктілік
санатын беру үшін аттестациядан өткізудің ережесі туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі
төрағасының 2001 жылғы 1 шілдедегі № 530 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 ж. 6 желтоқсандағы № 1071 бұйрығына сәйкес осы бұйрығының күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" , "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1852 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" қаулысын орындау, сондай-ақ жоғары білімдi медицина және фармацевтика мамандарына білiктілік санатын беру үшiн аттестация жүйесiн жетiлдiру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Жоғары білімдi медицина және фармацевтика мамандарын біліктілік санатын беру үшiн аттестациядан өткiзудiң ережесi бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң), ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары, ҚазММУ және медициналық академиялар, колледждер, республикалық медициналық ұйымдардың басшылары осы бұйрықпен бекітілген ереже талаптарын орындауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң медициналық ғылым, білім және лицензиялау Департаментiнiң директоры Х. Сағынға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
Төрағаның міндетін атқарушы
"Келісілген" "Бекітілді"
Қазақстан Республикасы ҚР Денсаулық сақтау ісі
Білім және ғылым жөніндегі агенттігінің
министрлігінің Бірінші 2001 жылғы 1 маусым
Вице-Министрі № 530 бұйрығымен
2001 ж. "__" ________
N __
Жоғары білімдi медицина және фармацевтика мамандарын
біліктілік санатын беру үшін аттестациядан өткiзудiң
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер.