Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1362 Қаулысы
(2023.04.04. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын моральдық көтермелеу шарасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы болып табылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғысын (бұдан әрі - Алғыс) жариялау үшін мыналар:
1) Қазақстан халқының игілігі жолындағы көп жылғы және тиімді қызметі;
2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындауы, мүлтіксіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырған айрықша маңызды және күрделі тапсырмаларын орындауы;
4) Қазақстанмен достық қатынастарды дамытудағы зор үлесі;
5) Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуі негіз болып табылады.
3. Алғыстың ресми мәтіні:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды;
3) оны Премьер-Министр немесе ол уәкілеттік берген басқа да лауазымды адамдар тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2023.17.03. № 236 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Алғыс:
1) азаматтың еңбек кітапшасына, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне (қызметтік тізіміне), әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжатына енгізіледі;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшесінде тіркеледі.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі