"Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын
шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу
жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі
төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы № 10 Бұйрығына
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 7 сәүірде
№ 1456 тіркелген), өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі
агенттігі төрағасының 2002 ж. 25
сәуірдегі № 24 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі № 128 Бұйрығымен күші жойылды
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармақшасына және 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережелерінің 2-тармағы 3-тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы № 10 Бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелерінде:
4-тармақта:
1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілдік жарна - өтінімдегі соманың 1 (бірден) кем емес 5 (бестен) артық емес проценті мөлшерінде белгілейтін, сатып алушы сатушы төлейтін, мемлекеттік резервке тауар жеткізудегі тендерге қатысу үшін және оның тауар жеткізу шартын жасасу жөніндегі міндеттемесін және оны тиісінше орындауын қамтамасыз етуші болып табылатын ақшалай жарна;";
3)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын: