Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының
"Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге
асыратын ұйымдардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер
туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы № 11 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Басқармасының "Зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың
мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актiлер туралы" Қазақстан
Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы
13 тамыздағы № 11 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
2002 жылғы 5 сәуірдегі № 121 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының
2002 ж. 13 мамырдағы № 176 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі № 264 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру және зейнетақы активтерiн шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттік емес бағалы қағаздарына орналастыру кезiнде зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы № 11 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыру қағидаларына (осы тармақшада бұдан әрi - Қағидалар):