Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
"Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі
туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 106-ө
бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005.06.09. № 236-ө Бұйрығымен күші жойылды
Келісілді: | | Келісілді: |
Қазақстан Республикасының | | Қазақстан Республикасының |
бірінші Қаржы вице-министрі | | Денсаулық сақтау министрі |
2002 жылғы 04 маусым | | 2002 жылғы 19 маусым
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Протез-ортопедия саласын одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегi № 1146 қаулысын iске асыру және мүгедектердi қазiргi талаптарға лайықты протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң "Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" 1998 жылғы 2 сәуірдегі № 88-ө бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына протездiк-ортопедиялық көмек беру тәртібі туралы Нұсқаулықта:
2-тармақ "сондай-ақ протездеу жөнiнде медициналық қызметтер көрсетумен" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "протез-ортопедиялық бұйымдарды дайындауды" деген сөздерден кейiн "протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, күрделi ортопедиялық аяқкиiмдердi алуға, өлшеп көруге және жөндетуге келген мүгедектердi госпитальге жатқызуды" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: