Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң есiрткi
құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз
айналымына қарсы күрестегi ынтымақтастығы туралы
келісім
(Минск қ., 2000 ж. 30 қараша)
(2019.25.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 шілдедегі № 849 Қаулысына сәйкес бекітілді
Бұдан әрi - Тараптар деп аталатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Yкiметтерi,
есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың (бұдан әрi - есiрткiлер) заңсыз таралуының және оларды медициналық тұрғыдан тыс пайдаланудың, әсiресе әйелдер мен кәмелетке толмағандар пайдалануының ауқымына үлкен алаңдаушылық бiлдiре отырып,
есiрткiлердi терiс әрекетте пайдаланудың ғаламдық сипатқа ие болғанын, ол барлық адамзаттың өмiрi мен денсаулығына үлкен қауiп төндiретінiн және осы зұлымдықты жекелеген мемлекеттердiң күшiмен жою мүмкiн еместiгiн ұғына отырып,
есiрткi және прекурсорлар заңсыз айналымының жолын кесу барлық мемлекеттердiң ұжымдық мiндетi болып табылатынын мойындай отырып,
осы Келісімге қатысушы-мемлекеттердiң аумағын есiрткi мен прекурсорлардың контрабандасы мен заңсыз транзитi үшiн пайдаланудың ұлғаюына алаңдаушылық бiлдiре отырып,
есiрткiнiң заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрес iсiнде Тараптардың ынтымақтастығын нығайту Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап бередi деп есептей отырып,
1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияға жасалған түзетулер туралы 1972 жылғы хаттамаға сәйкес оған түзетулер енгiзiлген 1961 жылғы Есiрткi құралдары туралы бiрыңғай конвенцияны, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияны , Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылғы Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясын , 1988 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының XX арнаулы сессиясында қабылданған саяси декларация мен шешiмдердi, сондай-ақ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының осы мәселеге қатысты басқа да шешiмдерi мен ұсыныстарын назарға ала отырып,