Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтар құру,
қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001
жылғы 5 қыркүйектегі № 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 1 тамыздағы № 277 қаулысы
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 16.02.04 ж. № 43 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 332 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесінде:
1-тармақтың "кепілге қабылдау," деген сөздердің алдынан "сатып алу," деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақта:
4) тармақшадағы "нотариат куәландырған көшірмелері" деген сөздердің алдынан "және құрылтай құжаттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
6), 8) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарына сәйкес әзірленген операциялар жүргізудің жалпы шарттары мен ломбардтың ішкі ережелері және осы ереже;";
13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Мұндайда ломбард қызметін жүзеге асыруға арналған үй-жай оның меншігінде болуы не кемінде екі жылға жалға алынған болуы керек.";
19-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: