Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 888 тiркелген Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн лицензиялау және
реттеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы № 271 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі басқармасының 2002 жылғы 8 қарашадағы № 437 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.12.03 ж. № 445 қаулысымен күші жойылды
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 888 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 30 тамыз-12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн лицензиялау және реттеу ережесіне (бұдан әрi - Ереже):
2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздер алынып тасталсын;