«Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiшкi iстер органдарының қызметiнде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекітутуралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 20маусымдағы № 486 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің2002 ж. 10 желтоқсандағы № 777 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 16 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 639 және 710-баптарын iске асыруы, сондай-ақ құқық бұзушылық болған жерде айыппұл алуда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзудi ұйымдастырудың бiрыңғай тәртібін орнату мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiн iшкi iстер органдарының қызметiнде қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (бұдан әрi - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 20 маусымдағы № 486 бұйрығына (мемлекеттік тiркеу № 1639 10.09.01 ж.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Нұсқаулықтың 10-тарауының 110-тармақшасы «тоқтатқан жерде айыппұл өндiру туралы белгiленген үлгiдегi квитанциялар» деген сөздер алынып тасталсын.
2) Нұсқаулық 10-1-тараумен толықтырылсын:
«10-1. Құқық бұзушылық болған жерде айыппұл өндiру туралы квитанцияларды қабылдау, есепке алу, сақтау және шығындау тәртібі туралы
138-1. «Құқық бұзушылық болған жерде айыппұл өндiру туралы» квитанциялардың (бұдан әрi - квитанциялардың бланктерi) бланктерiн әзiрлеу облыстардың, Астана, Алматы қалаларының шегiнде бiрдей нөмiрмен орталықтандырылып жүзеге асырылады. Квитанция бланктерiнiң сериялары осы аймақтың литерiне сәйкес келуi тиiс, квитанцияның бланктерi қолдан жасаудан қорғау дәрежесiмен жарақталуы және бекітілген үлгiге сәйкес келуi тиiс (8-қосымша).