Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасының шекарасы - Атырау (Ақтөбе - Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін шекаралық көпір өткелінің құрылысы жөніндегі бірлескен іc-қимыл туралы келісім (жоба) (2003 ж. 20 тамыз)

Информация о документе
Датасреда, 20 августа 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 20 августа 2003

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкiметі арасындағы Астрахань -
Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы -
Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы
Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпір өткелiнiң
құрылысы жөніндегі бiрлескен iс-қимыл туралы
Келісім

Келісімнің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 20 тамыздағы № 835қаулысына сәйкес мақұлданды

Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі:

екi мемлекеттiң өңiрлерi арасындағы өзара алмасулар мен сауда экономикалық байланыстар үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында,

жыл бойы сенiмдi және тұрақты қатынасты қамтамасыз ету және дамыту қажеттiгiн негiзге ала отырып,

Астрахань - Красный Яр - Қазақстан Республикасы шекарасы - Атырау (Ақтөбе-Астрахань) автомобиль жолындағы Қиғаш өзенi арқылы өтетiн шекаралық көпiр өткелiн жобалау, салу, пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі бiрлескен iс-қимыл туралы шешiм қабылдауды iске асыруға ниет ете отырып, төмендегiлер туралы келiстi.

1-бап

Осы Келісімде:

"көпiр" терминi деп Қиғаш өзенiнiң негiзгi арнасы арқылы өтетiн автожол көпiрi ұғынылады;

"шекаралық көпiр өткелi" терминi деп автожол көпiрi, сондай-ақ oған қосалқы кiреберiстер мен шектес автомобиль жолдары ұғынылады.

2-бап

Осы Келісімдi iске асыру жөніндегі қызметтi үйлестiрудi тараптардың уәкiлеттi органдары:

Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі;

Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Көлiк министрлігі және Астрахань облысының әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған уәкiлеттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақытылы хабардар етiледi.

3-бап

Тараптар шекаралық көпiр өткелiн салудың мынадай қағидаттары туралы келiстi:

а) көпiр өткелiн жобалау және салу үшiн тараптардың уәкiлеттi органдары тепе-теңдiк негiзде бiрыңғай тапсырыс берушiнiң қызметiн құрады;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами