Введите номер документа
Прайс-лист

Мемлекеттік субсидиялау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1000 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 30 сентября 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 апреля 2006

Мемлекеттік субсидиялау мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1000 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 307 Қаулысымен күші жойылды

 

Субсидиялар беру туралы мәселеге кешендi көзқарасты әзiрлеу, шаруашылық қызметтiң қандай да бiр саласында субсидиялау арқылы мемлекет қатысуының қажеттiлiгi өлшемдерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мемлекеттік субсидиялау мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:

Келiмбетов             - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы          және бюджеттік жоспарлау министрi, төраға
 
Әйтекенов              - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Медiбайұлы        және бюджеттік жоспарлау вице-министрi,
                         төрағаның орынбасары
 
Ермекова               - Қазақстан Республикасының Экономика
Несiпбала Әбсағитқызы    және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                         Салалық органдар шығыстарын жоспарлау
                         департаментi директорының орынбасары,
                         хатшы
 
Нығматулин             - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Нұрлан Зайроллаұлы       коммуникациялар вице-министрi
 
Мамин                  - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Ұзақбайұлы         және сауда бiрiншi вице-министрi
 
Ойнаров                - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Азамат Рысқұлұлы         министрi
 
Айманбетова            - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
Гүлбану Зарлыққызы       Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
 
Мусина                 - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы          шаруашылығы вице-министрi
 
Оразбаев               - Қазақстан Республикасының Энергетика
Бірлік Есiркепұлы        және минералдық ресурстар вице-министрi
 
Әбдiқалықова           - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы        халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi
 

2. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiппен субсидиялар беру туралы мәселеге кешендi көзқарас жөніндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін iстелген жұмыс туралы хабардар етсiн.

3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі комиссияның жұмыс органы болып белгiленсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами